Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Боралдайда ауызсу және жол құрылысы жобалары қайта қаралады

Іле ауданында өткен жеке қабылдау барысында Боралдай кентінің тұрғындары елді мекендегі ауызсу жүйесін жаңғырту және жолдардың қалпына келтірілуіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
20.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Аталған шағымдар бойынша Алматы облысының әкімі арнайы барып, жобалардың орындалу барысын тексеріп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Боралдай тұрғындары соңғы жылдары аяқталмай келе жатқан инженерлік желілердің салдарынан жолдардың ойылып, жүру қиындағанын айтты.

«Черёмушканы қазып тастады. Канализация, су деп жүргендеріне бес жыл болды, әлі бітіре алмай жатыр», — деді ауыл тұрғыны Раушан Өтепбергенова.
Тағы бір тұрғын Наталья Аношкина: «У нас перекопали весь поселок. Весь асфальт подняли. Мы ходим вот в такой вот грязи. Наши школьники добираются ужасно до школы», — деп наразылығын білдірді.

Тексеру нәтижесінде анықталған олқылықтар мен кемшіліктерден кейін құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, жоба қайта қаралатын болды. Әкімнің тапсырмасына сәйкес, құрылыс тек түзетілген жоба бекітіліп, барлық талаптар сақталған жағдайда ғана жалғасады.

«Тұрғындарға ыңғайсыздық туғызбай жасауға болатын жерлерде жұмыстарды жалғастырыңыздар. Ал қалған жерлерде жобаға түзету енгізгенге дейін жұмысты тоқтатыңдар. Жобаны түзетуші маманды шақырып сотқа беріңдер. Қажет болса лицензиясынан айырылсын. Себебі, мұндай жұмыс болмайды. Қазір жұмыстың тағы бір жері аяқсыз тоқтап қалса, ертең балалар мектептен, ересектер жұмыстан қалады, біреулер ауруханаға жете алмай қалуы мүмкін. Ең бастысы — жолды қалпына келтіріп, тұрғындардың жайлылығын сақтау керек», — деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Тұрғындардың өтінісін назарға алған әкім жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды, балама көшелерді алдын ала дайындап, негізгі жолдарда қозғалысты толық шектемеуді тапсырды.

Сонымен қатар, кездесуде ауыл халқының өтініші бойынша Боралдай кентінде жаңа саябақ салу жобасын әзірлеу және оған қажетті жер телімін заң аясында қарастыру жөнінде нақты тапсырма берілді.

Облыс әкімі атап өткендей, басты мақсат — инженерлік инфрақұрылымды жаңарту барысында тұрғындардың қауіпсіздігі мен күнделікті өмір сапасына зиян келтірмеу.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыауызсуБасты жаңалықтарБоралдайжол мәселесіМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz