Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматының нарколог-дәрігерлерінен көмек сұрап 4600-ден астам адам жүгінді

Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде психикалық денсаулық орталығы директорының наркологиялық қызмет жөніндегі орынбасары, жоғары білікті санатты психиатр-нарколог дәрігер Гүлмира Әбдібаева келтірді.

30.05.2023
Аймақ

Журналистерге сөйлеген сөзінде дәрігер есірткі нарығы соңғы жылдары айтарлықтай өзгергенін хабарлады. Көптеген адамдар синтетикалық есірткіге тәуелді.

«Жылдан жылға біз синтетикалық есірткінің қауіпті екенін айтамыз, алайда есірткіге тәуелділер мұны ескермей, қабылдауды жалғастыруда. Есепке қойылған жасөспірімдер саны артты. Егер 2021 жылы есепте 8 кәмелетке толмаған болса, 2022 жылы — 18, ал 2023 жылдың бірінші тоқсанында — 17 жасөспірім болды», — деді Гүлмира Әбдібаева.

Наркологтар алматылықтарды жаман әдеттерден тию үшін барынша көмектесіп жатыр. Мысалы, биыл алкоголизм және нашақорлықпен ауыратын 3457 адам есепке алынды.

Дәрігер ең қауіпті синтетикалық препараттар мен олардың асқынулары туралы айтты.

«Көбінесе жастар айналасынан, сырттан жағымсыз тәжірибе алады. Адам жақсыдан гөрі жаманға тез үйренеді. Ересектерде жиі кездесетін жаман әдеттер — темекі тарту мен ішімдік ішу. Жаңа әсер алу үшін адам тыйым салынған дәрі-дәрмектерді «тек 1 рет» қабылдаймын деп ойлайды. Бірақ жаман әдеттің негізгі айласы осында жатыр. Өкінішке орай, «тек 1 рет» көру көбіне есірткіге деген құмарлыққа алып келеді және оны жеңу басқа адамдардың көмегінсіз мүмкін емес», — дейді Гүлмира Әбдібаева.

Тегтер: алматыГүлмира Әбдібаеванарколог

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz