Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында ішкі туризм 13% өсті

Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов айтты.

04.09.2023
Аймақ

Оның мәліметінше, Алматы облысында 2023 жылғы қаңтар мен тамыз айлары аралығын есептесек, өткен жылғы дерекпен салыстырғанда ішкі туризмнің 13% артқаны байқалады. Былтыр өңірге 960 000 демалушы келсе, биыл 1,1 млн демалушы келген.

Туристер ағыны мен миграцияға мониторинг жүргізетін «eQonaq» ақпараттық бағдарламаның дерегіне сүйенсек, Алматы облысы келушілер саны бойынша Алматы (47,2 мың) мен Астана (22,4 мың) қалаларынан кейінгі 3-орынға тұрақтаған.

Сонымен қатар Айбар Теменов облыста ұйымдастырылған шаралардың арқасында бюджетке түскен салық мөлшерінің өскенін айтты.

«Шетелдік туристерден түсетін салық — Bed tax көрсеткіші 68,2 мың теңгеден 3,1 млн теңгеге дейін жетті. Бұл — Қытай мен Оңтүстік Кореяда өткізілген маркетингтік кампанияның және өңірде ұйымдастырылған ауқымды шаралардың нәтижесі. Оның қатарында «Qonaev International Balloon Fest», «Adrenaline Tengri Ultra», BBC News арнасында көрсетілген жарнама, «Tripadvisor» сайтында жарияланған баннер және т.б. бар», — деді басқарма басшысы.

Маманның айтуынша, өңірде 300 шақырымнан астам туристік жолға жөндеу жүргізіліп, абаттандырылып жатыр.

Аталғандардан бөлек, Алматы облысында 2023-2026 жылдар аралығында туризмді дамыту үшін Бас жоспар әзірленген. Құжатта мақсат-мүдделер айқындалған. Сондай-ақ әр ауданның даму әлеуеті басты назарға алына отырып, жол картасы дайындалған. Нәтижесінде ауылдар мен аудандардағы туризм нарығының қысқа мерзімдік тенденциялары, жоба, жоспарлары анықталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz