Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бейбіт Исабаев үздік мұғалімдерді марапаттады

Бүгін облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мұғалімдер күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

30.09.2022
Аймақ
Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл жиын туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram каналда ақпарат таратты.

Өңір басшысы Бейбіт Исабаев ұстаздар қауымын құттықтап, педагогтар арасында өткен облыстық конкурстың жеңімпаздарын марапаттады. Сондай-ақ жиында шетелдерде оқитын жетісулық жастардың құттықтау бейнежазбасы көрсетілді.

«Бүгінгі жаңа Қазақстанда саяси-экономикалық өзгерістермен қатар білім беруді жаңарту да аса маңызды. Өйткені экономиканың өзі түптеп келгенде білімге тәуелді. Яғни адами ресурстарды қалыптастыратын – біздің мектептер, сол мектептегі мұғалімдер, өздеріңіз! Жетісу өңірінде апатты, үш ауысымды мектептер жоқ. Ендігі мәселе — білім сапасын көтеру», — деді Бейбіт Исабаев.

Бұдан әрі шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Кәсіби біліктілігі үшін 30 педагог облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Еңбек ардагері» медалі № 3 облыстық педагогикалық-психологиялық-медициналық кеңесінің басшысы Ершіжан Ниязбекова мен № 9 педагогикалық-психологиялық-медициналық түзеу кабинетінің меңгерушісі, 20 жылдық тәжірибесі бар педагог Гүлшара Нұрышеваға берілді.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сол сияқты Ескелді ауданындағы Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Елена Степаненко «Жетісу ұстазы» атанды.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көксу ауданындағы  Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Надежда Ким болса, «Дарынды ауыл балаларына – талантты ұстаз» номинациясын жеңіп алды.

Сондай-ақ «Ұстаздар әулеті» байқауында үздік шыққан алакөлдік Ахмедияровтар, Ескелді ауданынан Шумақовтар, Сарқан ауданынан Ерболаевтар, талдықорғандық Айдыновтар отбасы жеңімпаздар қатарынан табылды.

Аталған жүлдегерлердің бәріне ақшалай сертификаттар табысталды. Кездесу соңы мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, аймақта 20 мыңнан астам ұстаз қызмет етеді.

Тегтер: Жетісу облысымарапатүздікұстаз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz