Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ақылы жолдарда жаңа төлем ережесі енгізілуі мүмкін

Көлік министрлігі республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда жүру үшін төлем жинау ережесіне өзгерістер жобасын әзірледі. Бұл туралы ресми мәлімет жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Құжатқа сәйкес, дифференцияланған төлем жүйесін енгізу транзиттік шетелдік пайдаланушылардан туындайтын қосымша жүктемелерге байланысты автожолдарды күтіп ұстау және қалпына келтіру шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер Қазақстанның экономикалық мүдделерін қорғауға және халықаралық көлік қатынастарында өзара теңдік қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған. Қосымша түсетін қаражатты жол инфрақұрылымын дамыту мен оны күтіп ұстауға жұмсау жоспарланып отыр.

Көлік министрлігінде бұл норма Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, Қазақстан резиденттеріне және үкіметаралық келісімдерде ақылы жолдарға қатысты төлем шарттары қарастырылмаған мемлекеттерге қолданылмайтынын атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өзгерістер 2026 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енуі мүмкін. Құжат қазіргі уақытта «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында қоғамдық талқылауға шығарылып, 26 ақпанға дейін ұсыныстар қабылданады.

Тегтер: ақылы жол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz