Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматылықтарды бүгіннен бастап «Pfizer» вакцинасымен егу басталады

Алматыда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Владимир Юсупов айтты.

05.12.2022
Аймақ

«Алматыда амбулаториялық-емхана желісіндегі медициналық ұйымдарда, оның ішінде жекеменшік медициналық орталықтарда тіркелген тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасып тапты. Қазір қалада «КазВак» және «Синофарм» вакциналары қолданылып жатыр. Бүгіннен бастап тұрғындарды «Pfizer» вакцинасымен иммундау жоспарланды», — деді спикер.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін аяқталған вакцинация курсымен 1 млн 221 152 адам қамтылды.

«Бұл 93%-ды құрайды. Қалғандары Қазақстан Республикасынан кеткендіктен екпе алмаған болуы мүмкін. Олардың арасында екінші дозамен вакцинациялау кезінде вакцинацияға қарсы көрсетілімдері барлары да анықталды, яғни жүктілік, жаңадан анықталған аурулар және басқасы», — деді Владимир Юсупов.

Вакцинацияның толық курсымен 640 069 адам ревакцинацияланды.

«Бүгінгі таңда қаланың медициналық ұйымдарының балансында «QazVac» вакцинасының 7416 дозасы, «SinofarmVeroCell» вакцинасының 5633 дозасы және «Pfizer» вакцинасының 25 740 дозасы бар», — деп түйіндеді ол.

Тегтер: вакцина

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz