Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыдағы «Южный» саябағы мемлекет меншігіне өтті

Алматыда «Южный» саябағының жер телімін мемлекет меншігіне тапсыру рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

03.02.2023
Аймақ

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінің бірінде қала тұрғындары аталған жер телімін мемлекет меншігіне алып, саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы мәселе көтерген еді.

«2022 жылдың 5 қазанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы талап арызы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде анықталды ( 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №5386 сараптама қорытындысы бойынша). 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2023 жылдың 13 қаңтарында өтемақы сомасы «Jusan Property» ЖШС-не ауыстырылды», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Южный» саябағын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті құжаттарды дайындап жатыр.

Тегтер: алматысаябақЮжный

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz