Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда жыл басынан бері екі адам В гепатитін жұқтырған

Осы жылдың алғашқы екі айында Алматыда ересек тұрғындар арасында жіті В вирусты гепатитінің (ЖВВГ) 2 жағдайы тіркелді.

24.03.2023
Аймақ

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Дәрігердің айтуынша қалада жіті С вирусты гепатитінің (ЖСВГ) жағдайы тіркелген жоқ.

«Созылмалы В және С вирустық гепатиттермен (СВВГ және ССВГ) сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда – 2,56. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,49 есе жоғары. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы – 1,75% құрады. Созылмалы вирустық гепатиттердің құрылымында СВВГ — 45,6% және ССВГ – 54,4% құрады», — деді Әсел Қалықова.

В және С гепатиттері – әлемдегі ең көп таралған инфекция түріне жатады. Олар бауырдың созылмалы қабынуын дамытып, циррозға және бауыр ісігіне алып келуі мүмкін.

«Инфекция көзі – жедел және созылмалы гепатиттің барлық түрімен ауыратын науқастар, сондай-ақ вирустың тасымалдаушылары. Гепатит вирустары көбінесе ағзаға гематогендік жолмен (қан арқылы), сондай-ақ жыныстық, перинаталдық, яғни, анадан балаға жатырда немесе туылған кезде және тұрмыстық-байланыс жолдарымен (тығыз тұрмыстық қарым – қатынас жағдайында) енеді. В гепатит вирусы әртүрлі физикалық және химиялық факторларға төзімді, сыртқы ортада бір аптаға жуық уақыт сақталуы мүмкін, мысалы, кептірілген және байқалмайтын қан дақтары, ұстарада, шприцте және инъекциялық инелерде және т.б», — деді дәрігер.

В гепатитінен қорғанудың жалғыз жолы – вакцинация.

«Қазақстанның егу күнтізбесіне сәйкес ВВГ-ке қарсы вакцинация перзентханада нәрестеге өмірінің алғашқы 12 сағатында, 2 ай және 4 ай жасында жүргізіледі. Сондай-ақ, тәуекел тобындағы адамдар, оның ішінде жыныстық және тұрмыстық берілу жолдарының профилактикасы үшін ВВГ-пен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар, медициналық ЖОО-да оқитын студенттер, медицина қызметкерлері, қанның, оның компоненттері мен препараттарының реципиенттері, АИТВ-инфекциясын жұқтырған алғаш рет анықталған адамдар, гемодиализ және тіндер мен мүшелерді трансплантациялауға жататын тұлғалар, онкогематологиялық және иммуносупрессивті препараттарды қабылдайтын науқастар ВВГ-не қарсы вакцинацияға жатады. Бүгінгі күні С гепатитіне қарсы вакцина жоқ», — деді спикер.

Спикер В және С вирустық гепатиттерін жұқтыру қаупін төмендету мақсатында төмендегі ережелерді сақтауға шақырды:

— ВВГ-ке қарсы вакцинацияны уақтылы алу;

— жұқтырған адамның қанымен байланыста болуы мүмкін басқа адамдардың жеке гигиеналық заттарын пайдаланбау – ұстара, тіс щеткалары, тырнақ қайшылары, қандағы қант өлшегіш сияқты немесе тіпті сырғалар;

— сұлулық салондарына барған кезде құлақты тесу, пирсинг, инемен шаншу, татуировка жасау үшін бір реттік инелер қолданылатынына көз жеткізу, сонымен қатар маникюр, педикюр, сұлулық салондарындағы кез-келген процедуралар тек стерильді жабдықпен жасалуы керек;

— инъекциялық есірткі заттарын қолданбау;

— бей-берекетсіз жыныстық қатынастан аулақ болу, жалғыз сау жыныстық серіктестің болуы немесе қорғалған жыныстық қатынас;

— хиджама және т.б. дәстүрлі емдеу әдістерінен аулақ болу;

— кез келген кесілген жерді немесе ашық жарақатты жабу.

«Егер вирусты жұқтыруыңыз мүмкін жағдай болса, ертерек медициналық ұйымға хабарласыңыз, онда сіз вирустық гепатит маркерлеріне тест тапсыра аласыз. Есіңізде болсын, ерте анықтау және емдеу – кеш болғаннан әлдеқайда жақсы», — деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Тегтер: алматыВ гепатитівирус

Соңғы жаңалықтар

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz