Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келді

Мамандар Шәріпов және Гоголь көшелерінің қиылысында жарылған жылу магистралін қалпына келтірді, деп хабарлайды Alataunew.kz.

11.11.2022
Аймақ

«Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысының солтүстігінде болған жылу трассасындағы апаттың салдары жойылды. 11 қарашаға қараған түні сағат 01:50-де «Алматы жылу желілері» ЖШС бригадасы диаметрі 400 мм құбырды жөндеп бітті. Сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілді және түнгі сағат 2:40-та жылу бірқалыпты беріле бастады әрі белгіленген режимде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ көлік қозғалысына да рұқсат», — деп хабарлады Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

Басқарма мәліметінше, асфальт жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда осы жылдың 13 қарашасына дейін жөндеу жоспарланып отыр.

«Кенеттен төтенше жағдай туындаса (су, бу шығарындылары) «АлТС» ЖШС диспетчеріне +7-727-378-06-65 телефонына хабарласу қажет. Өз бетіңізше әрекет етпеңіз және бірден хабар беріңіз», — деп ескертеді ведомстводан.

Еске салайық, кеше Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылған еді.

Коммуналдық апат салдарынан 67 көппәтерлі және 2 жеке үй, 6 білім нысаны және 20-дан астам басқа нысандар уақытша жылусыз қалған болатын.

Соңғы жылдары бұл аумақта құбырдың тозуына байланысты 17 апат болған, бүгінгісі — 18-ші оқиға.

Тегтер: құбыр

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz