Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда құрылыс компанияларына нөсер кәріздерін салу міндеттелмек

Биыл, 10 қазаннан бастап Алматы әкімдігінің қалада түрлі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нөсер кәрізін реттеу қажеттілігі туралы қаулысы күшіне енді.

12.10.2023
Аймақ

«Қалалық мобильділік, энергетика және сумен жабдықтау, экология және қоршаған орта, жоспарлау және урбанистика, құрылыс басқармалары мен Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру кезінде нөсер кәріздерін реттейді», — делінген қаулыда.

Сондай-ақ, инженерлік желілерді салу, реконструкциялау және жөндеуден кейін жолдың асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде тиісті жол таңбалау сызықтарын салуды қамтамасыз ету қажет.

Нөсер кәрізі — бұл жаңбыр мен еріген суды қала аумағынан тыс жерлерге ағызып жіберуген арналған күрделі инженерлік жүйе. Жаңбыр суына коллекторлар, жаңбыр науалары, арналар, су қоймалары кіреді.

Алматыдағы арық желісінің ұзындығы — 1525 шақырым оның 1208 шақырымы нөсер кәрізі ретінде пайдаланылады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына дейін 376 км арық желісін салу жоспарда. Оның ішінде биыл 80,1 км салынды.

Тегтер: алматыкәріз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz