Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты тау курортының бірі жабылды

Алматы қаласының таулы жерлерінде 28 наурызға дейін қар көшкіні жүруі ықтимал.

26.03.2023
Аймақ

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 26 наурыздағы №10 дауылды ескертуі негізінде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі жылымықтың әсері мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 26-28 наурыз аралығында қар көшкін қаупі жоғары деңгейде сақталатынын мәлімдеді.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, жыл басынан бері жалпы көлемі 62 мың текше метрден асатын қар көшкіні өздігінен 60-тан астам рет жүрген. Зардап шеккендер болған жоқ.

«Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен «Қазселденқорғау» қызметкерлері бірлесіп, «Пионер» тау курорты аумағында мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта қар көшкіні қаупі себебінен тау курорты жабық. Әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, демалушылар мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Іле-Алатау ұлттық паркінде (Алмарасан, Аюсай) көшкін қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылып жатыр. Блок-бекеттері қойылып, «Қазселденқорғау» қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды», — деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.

Алматы қаласы ТЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесі тұрғындарды таулы жерлерге бармауға, қар көшкінін болдырмас үшін қарлы беткейлерге шықпауға шақырады.

Тегтер: алматықар көшкіні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz