Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда дизель отынының жағдайы қандай?

Алматы қаласында 213 автожанармай құю станциясы жұмыс істейді, оның ішінде ірі 6 желіге 176 жанармай құю бекеті немесе 82% тиесілі.

05.04.2023
Аймақ

Алматы қаласына ЖЖМ жеткізу үш мұнай өңдеу зауытынан жүзеге асырылады: Шымкент «Петро Қазақстан Ойл продактс» мұнай өңдеу зауыты (ПКОП үлесі – 40%), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ үлесі – 35%), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ үлесі – 25%).

Осы жылдың 15 наурызынан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылды, осыған байланысты Алматы қаласында дизель отынын жеткізу тоқтатылды. Осы кезеңде ПМХЗ мен АМӨЗ-ден дизель отынын жеткізу шамамен 12 мың тоннаны құрады.

Бүгінде ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі деп отыр.

Соңғы уақытта Алматы қаласында Алматы облысының тұрғындары, сондай-ақ транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артты, бұл тұтынудың бір мезгілде 30-35%-ға өсуіне себеп болды және жекелеген ЖМҚС-ға үзіліспен жеткізілуіне (резервуарлардың уақтылы толмауы) әкелді.

Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекетінде дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі ҚТЖ және ЖМҚС желілерімен бірлесіп тұрақты негізде жолда дизель отынына мониторинг жүргізеді, басқа өңірде вагондардың тоқтап қалуына байланысты мәселе жедел пысықталып жатыр. Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндіріс қайта басталғаннан кейін жағдай тұрақтанады деп отыр. ҚР Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, ПКОП жөндеу жұмыстары биыл сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады.

Тегтер: алматыжанармай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz