Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда 8 мыңнан астам оқушы мектеп автобустарымен қатынап жүр

Алматыда жаңа оқу жылы басталғалы бері 100 жаңа мектеп автобусы жүріп жатыр. Алматы әкімдігінің мәліметінше, автобустар қаладағы 30 мектепке күніне 8258 оқушыны тасымалдайды.

07.09.2023
Аймақ

«Мектеп автобусы» пилоттық жобасы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды және Қазақстандағы мұндай ауқымды жобаның алғашқысы. Жобаны жүзеге асыру аясында «АлматыЭлектротранс» ЖШС Алматы қаласы білім басқармасының көмегімен 100 мектеп автобусын (оның ішінде 21 орындық 50 автобус және 40 орындық 50 автобус) сатып алды. Автобустар кішкентай және мектептен шалғай тұратын оқушыларды тасымалдайды», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мысалы, №210 мектеп-лицейіне «Байбесік» шағын ауданынан 222 бала, «Ұлжан-2» шағын ауданынан 148 бала тасымалданады. №200 мектеп-гимназиясына Абай саяжайынан 241 оқушыны тасымалдайды. №162 мектеп-гимназиясына «Жас Қанат» шағынауданынан 175 бала, ал №183 жалпы білім беретін мектепке «Асқартау» шағынауданынан мектеп автобусы 76 оқушыны алып келеді. Мектеп автобустары барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен техникалық талаптарға сәйкес келеді: апаттық шығу, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус, өрт қауіпсіздігі жүйесі бар.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, әр мектеп бойынша маршруттық парақтар әзірленді. Бұл мектепке дейін жеткізуді қажет ететін барлық баланы қамту үшін жасалады.

«Бүгінгі таңда балаларды отырғызып, түсіруге арналған арнайы аялдамалар бар. Сол бағыт бойынша оқушылармен бірге арнайы мұғалімдер де еріп жүреді. Жобаны ары қарай дамыту кезінде онымен 12500 бала қамтылатын болады. Біздің есебімізше 1-11 сынып оқушылары арасында осынша бала санына мектепке қатынау үшін мектеп автобустары қажет», — деді ол.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева 30 мектептің барлығында оқушыларды тасымалдауға келісім-шарт жасалған. Бұл үшін бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылғанын айтты.

«1 қыркүйектен бастап барлық автобус тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бекітілген маршруттар бойынша балаларды тасымалдайды. «Мектеп автобусы» жобасын жүзеге асыру оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», — деді Ләззат Жылқыбаева.

Айта кетейік, Алматыда «Мектеп автобусы» жобасының екінші кезеңін іске асыру үшін қалалық мобильділік басқармасы 2024 жылы қосымша 50 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Тегтер: алматы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz