Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алматы жастары» ипотекасына құжат қабылдау 15 мамырда басталады

Өтініш қабылдау уақыты – 31 мамырға дейін.

03.05.2023
Аймақ

15-31 мамыр аралығында «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтқа электронды цифрлік қолтаңба арқылы тіркелуге болады.

Биыл бағдарлама шеңберінде қосымша қаражат бөлініп, жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тағы несие саны 100-ге артты: мұғалімдер үшін – 50 және дәрігерлер үшін – 50 қосымша несие.

Несие берудің шарттары:

  • займның ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
  • қамту – 1 100 адамнан кем емес.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  • қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда), жұбайының жасына қарамайды;
  • бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы;
  • қатысушы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтерінде жұмыс істеуі шарт;
  • Алматы қаласында міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілі болуы керек.
Тегтер: Алматы жастарыБасты жаңалықтарипотекақұжат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz