Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы тауларында қыс басталғалы 35 рет қар көшкіні жүрген

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазселденқорғау» ММ Алматы филиалының өкілі Самат Дәуленканов айтты.

03.02.2023
Аймақ

Алматыда халық пен нысандарды қорғау мақсатында 7 рет қар түсірілді. Сондай-ақ, қар көшкінінің қауіпті кезеңі басталғалы бері таудан 35 мәрте қар түскен (39 100 текше метр).

Спикердің мәліметінше, профилактикалық түсірілген қардың жалпы ауданы 2 460 текше метрді құрады.

«Бүгін таңғы сағат 07.00-дегі жағдай бойынша Кіші Алматы өзені алабында қар жамылғысының биіктігі: Медеу бөгеті ауданында — 36 см, Мыңжылқы — 50 см, Қотырбұлақ өзені алабында 69-120 см. Үлкен Алматы өзені алабы бойынша қар жамылғысының биіктігі 9-дан 78 см-ге дейін. Ақсай және Қарғалы өзені алабында қар жамылғысының биіктігі – 4 см, Ақсай-Ақжар бақылау бекетінде — 6 см», — деді Самат Дәуленканов.

Ол метеорологиялық, қар көшкіні жағдайы өзгерген жағдайда және қар түрінде қатты жауын-шашын кезінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін айтты.

«Қар көшкінінің алдын алу үшін орталық аппараттың ұсынысымен блокпостар қойылып жатыр. «Медеу-Шымбұлақ» және «Алматы-ҮАК» автожолдарына, басқа да қауіпті аймақтардағы жолдар қар көшкіні қаупі жағдайында жабылып, блокпост қойылып жатыр. «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасында 32 адам, 21 арнайы техника дайын тұр», — деді спикер.

Сондай-ақ оның мәліметінше, қазіргі уақытта қызмет көрсету аймағы бойынша топырақтың қатуы: Үлкен Алматы өзені алабында – 10 см, Кіші Алматы өзені алабында – 28 см, Ақсай өзені алабында – 20 см, Қарғалы өзені алабында – 18 см.

Тегтер: алматықар көшкіні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz