Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» жолында экодуктар салынады

Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

02.03.2023
Аймақ

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты арасында экологиялық байланысты қалпына келтіру мақсатында «Қапшағай-Балқаш» экологиялық дәлізі құрылды. «Қапшағай-Балқаш» экологиялық дәлізінің жалпы ауданы – 973 765 гектар. Бұл экодәліз мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау, биологиялық әртүрлілік, жануарлардың көші-қонының табиғи жолдарын қорғау, жайластыру және өсімдіктерді сақтау үшін осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы кеңістіктік байланысты қамтамасыз етеді», — делінген Үкімет басшысының жауабына.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта «Алматы-Талдықорған-Өскемен» республикалық маңызы бар жол бойында «Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» және «Алматы-Сарыөзек-Қорғас» учаскелерінде жабайы жануарлардың қауіпсіз көші-қонына тиісті экодуктерді ұйымдастыру талап етіледі. Бұл жолдардың бойында малға арналған арнайы өткелдер (17 бірлік) болғанымен, жабайы жануарлардың өтуін толық қамтамасыз етпейді.

«Осыған байланысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жабайы жануарлардың көші-қон жолдарын айқындау және жолдың жоғарыда көрсетілген учаскелерінде экодуктар салу жөніндегі жол картасын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, қарақұйрықтардың қауіпсіз көші-қоны үшін жол беткейлеріне рұқсат беру, үздіксіз бөлу және қоршау тосқауылдарын алып тастау және белгілі бір учаскелерде көлік қозғалысының жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін төмендету (жылдамдықты бақылау камераларын орнатумен) нұсқасын қарастыру жоспарланды. Жол картасын әзірлеу және одан әрі іске асыру Үкіметтің бақылауында болады», — деді Әлихан Смайылов.

Тегтер: Әлихан Смайыловэкодуктар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының спортшысы Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында жоңышқа жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Қонаев тұрғындары отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша онлайн кеңес ала алады

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026

Алматы облысында Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысына 1800-ге жуық адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz