Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алматы-Қонаев» ақылы жолының мәселесі қалай шешіледі?

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

28.02.2023
Аймақ

Отырыста «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның «Алматы-Қонаев» трассасы бойынша ақылы жол тарифтері жөнінде проблемалық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Кеңес барысында қатысушылар мен тосқауылдар жөніндегі кеңестің төрағасы Мерисов «Алматы-Қонаев» ақылы жолдарын тарифтеу бойынша өзекті проблемалық мәселелерді айтып, талқылады.

«Қазіргі уақытта «Алматы-Қонаев» ақылы жолымен жүруге жеңілдікті абонемент жылына 1000 теңгені құрайды, ол көлік құралын тіркеу аймағында қолданылады. Сол себепті, «Алматы-Қонаев» автожолымен жүріп өту кезінде Қонаев қаласының «05» өңірінде тіркелген автокөліктерде ғана жеңілдік абонементі бар», — деді ол.

Қонаев қаласында және ақылы учаскелерге іргелес аудандарда бизнесі бар кәсіпорындардың иелері, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің автомобильдері Алматы «02» аймағында тіркелгендіктен, күнделікті қатынау қажеттілігінің маңыздылығына қарамастан «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ жеңілдікті жылдық абонементін алу мүмкіндігінен айырылады.

Кеңес барысында бизнес өкілдері бұрын «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ға осы мәселе бойынша өтініш жолдап, теріс жауап алғандары белгілі болды.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүру үшін ақы алу ережесінің тармағы толықтырылатынын айтты. Тізімге ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың салық органдарында тіркелген жеке және заңды тұлғалардың автомобильдерін қосып, өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Тауар нарықтарында бар және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау мақсатында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына немесе +7 (7282) 24-28-24, dazrk_alm@azrk.gov.kz хабарласуды сұраймыз.

Тегтер: автожолалматыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz