Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғындары екі жылдан бері ауыз суға зәру

Оның себебі – екі жыл бұрын жарты ғасыр жұмыс істеген ұңғымалар ескірген.

09.06.2023
Аймақ

Алматы облысында мыңдаған тұрғын екі жылдан бері ауыз суға зар болып отыр. Соңғы екі аптада ахуал ушығып, бір ұрттам судың өзін кезекке тұрып алуға мәжбүр, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындардың айтуынша, жауапты компания ләм-мим деместен су беруді тоқтатқан. Осыдан екі жыл бұрын жарты ғасыр жұмыс істеген ұңғымалардың ескіргенін аңғарған. Өйткені елдімекен тіршілік нәрінен аптасына бір ажыратылып отырыпты. Кейін бұл үрдіс әдетке айналған.

«Соңғы жылдары ауыл халқы 6-7 есеге көбейді. Бірақ су мұнаралары жаңартылған жоқ. Қосымша ұңғыма да қазылмады. Түнімен ұйықтамай суды күтеміз. Ол не ішкенімізге, не кір жуғанымызға жетпейді», – деді Шамалған ауылының тұрғыны Татьяна Кудасеевич.

Ауылды сумен қамтып отырған мекеме өкілі соңғы екі аптада су болмағанын растады.

«Екі апта бұрын бір ұңғыма істен шықты. Оны жөндедік. Бірақ су деңгейі төмен түсіп кетіпті. Яғни қайта тартуға тура келді. Ал суды кеше түнде бердік. Әрі біздің су бау-бақшаны суғаруға емес, ішуге арналған. Егер ел су сорғыларын пайдалануды және бақшасын суаруды қойса, мәселе шешіледі», – деді «Таусамалы-Қызмет» ЖШС өкілі Мұхтар.

Әкімдік өкілдері де тапшылық халық санының артуымен байланысты екенін жеткізді. Айтуларынша, жақында жаңа ұңғыма қазылады, қаржы дайын. Енді конкурс жарияланып, округтегі ауыз су мәселесі толық шешілмек.

«Үлкен «Қаскелең су топтамасы» деген мемлекеттік бағдарлама бар. Осы бағдарлама аясында 2024 жылдың екінші жарты жылдығында Шамалған ауылына қосымша таудың суы келіп, сол арқылы су берілетін болады», – деді Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов.

Тегтер: Алматы облысыауыз суШамалған

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz