Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының шаруаларына 3920 тонна дизель отыны бөлінді

Бұл туралы өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Құдабаев мәлім етті.

13.03.2023
Аймақ

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Энергетика министрлігі Алматы облысына 3 920 тонна дизель отынын бөлді. Сонымен қатар аудандардың сұранысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы және Энергетика министрлігінен 8 080 тонна дизель отынына қосымша сұраныс берілді.

«Отынды жеткізуші оператор ретінде Еңбекшіқазақ, Балқаш, Талғар аудандары бойынша «Астана Мұнай» ЖШС, Жамбыл, Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Іле, Қарасай, Қонаев бойынша «Петрофон» ЖШС анықталды», — деді Дастан Құдабаев.

Маманның айтуынша, биыл жеңілдетілген отын бағасы 202 теңге болып бекітілді. Облыстағы барлық операторларда қажетті дизель отыны бар.

«Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жалғасып жатыр және оларды агротехникалық мерзімде аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданады», — деді басқарма басшысы.

Тегтер: Алматы облысыдизель отыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz