Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Іле ауданындағы «Алатау жарық компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026
Аймақ, Алматы облысы, Саясат

Кездесу барысында 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Атап айтқанда, билік тармақтарының тепе-теңдігі, бір палаталы Құрылтай институтын енгізу, Конституциялық Соттың тәуелсіздігін күшейту және Президент өкілеттігінің бір реттік жеті жылдық мерзімі мәселелері талқыланды.

Коалиция мүшесі Жанболат Жөргенбаев жаңа конституциялық өзгерістердің басты мақсаты саяси жүйені сапалық жаңа деңгейге көтеру екенін айтты. Оның сөзінше, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімге сайлануы және қайта сайлана алмауы – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды қадам.

«Мұндай шешім биліктің тұрақтылығын нығайтып, саяси жүйенің ашық әрі болжамды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару нақты әрі өзгермейтін ережелерге сүйенуі керек», – деді сенатор.

Сонымен қатар, жаңа Конституцияда тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктері күшейтіліп, Парламенттің рөлі арта түсетіні, ал Конституциялық Соттың мәртебесі нақты айқындалатыны айтылды. Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға бағытталған.

Кездесуде «Алатау жарық компаниясы» АҚ Іле ауданы электр тораптары бөлімшесінің басшысы Бекжан Түгелбаев сөз сөйлеп, сала үшін құқықтық тұрақтылықтың маңызына тоқталды.

«Энергетика – ел экономикасының тірегі. Біз тәулік бойы жұмыс істейтін стратегиялық инфрақұрылымды қамтамасыз етеміз. Сондықтан саяси және құқықтық жүйенің тұрақтылығы өндірістік қауіпсіздік пен инвестициялық сенімге тікелей әсер етеді», – деді ол.

Жиын ашық форматта өтті. Қатысушылар әлеуметтік мемлекет қағидаттары, еңбек құқықтарының қорғалуы және стратегиялық нысандардың құқықтық қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында Алматы облысының энергетиктері алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға дайын екенін білдіріп, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz