Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Заречныйдағы қазандықтың жұмысын тексерді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Заречный ауылындағы қазандыққа барды, деп хабарлайды Alataunews.kz

23.12.2022
Аймақ

Жылу орталығының өкілдері облыс әкіміне қазандық жұмысын мазуттан табиғи газға ауыстыру жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ болашақта сұраныстың өсуіне байланысты кәсіпорынның жылу қуатын арттыру жоспарланып жатыр.

«Жоба дайын, сараптамадан өтті, егер келесі жылы жаңғыртуға қаржыландыру бөлінсе, 2024 жылы жұмыстарды аяқтаймыз», — деді жылу орталық өкілдері.

Жаңартудан кейін қазандықтардың қуаты 9,03 Гкал/сағ-тан 13 Гкал/сағ-қа дейін артады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының алдын ала сомасы 200 млн теңгені құрайды.

Магистральдық газ желілерін салу Заречный ауылдық округінің екі ауылында 1 мыңнан астам тұтынушыны газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қонаев тұрғындарымен кездесуде атап өткендей, Заречный ауылындағы орталық қазандықтың қуатын арттыру бойынша жобалық-сметалық құжат әзірлеуге биыл жергілікті бюджеттен 9,9 млн. теңге бөлінді.

 

1 of 3
- +

Қазіргі уақытта қазандық 35 үйді (600-ден астам пәтер), 224 жеке үйді және 5 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Жылу желілерінің ұзындығы — 15,021 км, жылу желілерінің тозуы 24% құрайды.

Нысанда барлығы 5 қазандық орнатылған. АХ-300 және FX-300 Dual типті екі автоматтандырылған бу қазандығы, жалпы өнімділігі 0,6 тонна бу/сағ және 3 вв-3500 типті су жылыту қазандығы істеп тұр. Су жылыту қазандықтарының қазіргі жалпы өнімділігі сағатына 9,03 Гкал құрайды. Жабдықтың 60% тозғаны да айтылды.

Тегтер: Алматы облысыЗаречный ауылықазандықМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz