Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарымен кездесті.

23.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Кездесу барысында ол ауданның инфрақұрылымдық желілер тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталды.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, Еңбекшіқазақ ауданының 79 ауылының 71-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, қалғаны орталықтандырылған суға қосылмаған.

«Бүгінгі таңда құны 4,5 млрд. теңге болатын Нұра, Қызылжар және Бәйдібек би ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр», — деді облыс әкімі.

Өңір басшысының мәліметінше, 2014 жылдан бері құрылысы аяқталмай келе жатқан Шелек ауылындағы кәріз желісі биыл іске қосылады. Жоба құны — 2,4 млрд. теңге.

Келесі инфрақұрылымға жататын саланың бірі — жол салу. Бұл туралы да Марат Сұлтанғазиев аудандағы жағдайды баяндады.

«Ауданда жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 89% құрайды. Өткен жылы 6 елді мекенде 205,2 шақырым облыстық және 16,8 шақырым кентішілік жолдарға жөндеу жүргізілді. Биыл ауданның жалпы ұзындығы 276 шақырым жолын жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд. теңге бөлінді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЕңбекшіқазақ ауданыМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz