Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданының тұрғындарымен өткен бүгінгі кездесуінде ауданның біршама мәселелеріне тоқталды.

22.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Өңір басшысының айтуынша, Балқаш ауданы өңдеу өнеркәсібі облыстағы 9 аудан бойынша ең соңғы орында тұр.

«Балқаш ауданының облыс өнеркәсібіндегі үлесі небәрі 0,2%-ды құрайды және он ауданның ішінде 9-орында», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Ол аталған мәселені шешу үшін өзінің орынбасары Арслан Дәндібаевқа, тиісті басқармаларға аудан әкімімен бірлесіп биыл ет және сүт өңдеу бойынша бір-екі кәсіпорынды іске қосуды қамтамасыз етіп, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру шараларын қабылдауды тапсырды.

Облыс әкімінің тоқталған екінші мәселесі — ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы.

«Айта кететін нәрсе, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Ауыл аманаты» жобасы іске асырыла бастады, оның басты мақсаты — ауылдық жерлердегі халықтың табыс деңгейін арттыру. Жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен қосымша қаражат қарастырылып жатыр. Балқаш ауданынан небәрі 257 өтінім берілді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының мәліметінше, аудандағы бір ауылда 300 үй бар, оның 25-і ғана осы бағдарлама бойынша ұсыныс білдірген. Қалған 275 үй тұрғындары да мал шаруашылығымен айналысады. Мұндай төмен көрсеткіштің себебі — әкімдік тарапынан түсіндірме жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінде.

«Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарына өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында 2,5% мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар техниканы да лизингке алуға болады. Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімі несиелендіру үшін жобаларды мұқият таңдап, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтарды мүмкіндігінше қамту қажет», — деді облыс әкімі.

Тегтер: Алматы облысыБалқашБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz