Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұрғындардың шағымынан кейін тері зауытының жұмысы тоқтады

Жұрт жағымсыз иіс шығады деп шағым айтқан Алматы облысындағы тері зауытының жұмысы тоқтады, деп хабарайды Almaty.tv.

05.05.2023
Аймақ
Фото: Almaty.tv

Фото: Almaty.tv

Еңбекші елдімекеніндегі шудан кейін тері зауытының жұмысы тоқтады. Кеше Қарасай ауданы санитарлық бақылау басқармасының мамандары онда тексеріс жүргізуді бастады. Олар ауадағы улы газдардың көрсеткішін өлшеуге кіріскен.

Расында, жағымсыз иісі бар тулақтарды жұмысшылар жүк көлігіне тиеп, жылдамдатып әкетіп жатыр. Ал пайдаға асады-ау дегендерін қораға тасып, әлек болды. Олардың айтуынша, бұл – олардың тері илеудегі алғашқы тәжірибесі. Зауыт басшылығы да мұндай иіс шығады деп күтпеген көрінеді.

«Бәрін біз қыс бойы жинадық. Жаңбыр жауғанда, күн жылығанда иіс шығады. Бірақ ветеринар инспекциясы бар, олар дезинфекция жасайды. Бүкіл тері тек қойманың ішінде сақталады. Бәрін түсінемін, бізде қателік көп», – деді тері зауытының басшысы Ерзат Рақымжанов.

Ал нысанға келген Қарасай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары алдымен зауыт маңынан алынған атмосфералық өлшемді арнайы құрылғыға салды. Кейін ауыл шетіне барып, салыстырмалы түрде тағы да тексеріс жүргізді.

«Қазіргі таңда жұмысын тоқтатқан. Пештері істеп тұрған жоқ. Сонда да жаңа мониторгинг аясында жаңағы атмосфералық ауаға өлшемдер жүргізілді. Біздің аудандық басқармадан ешқандай рұқсат берілген жоқ», – деді Қарасай ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Ернұр Құрабаев.

Алайда ауыл адамдары тері өңдейтін зауыттың жұмысы тоқтап, құрылғылары істемей тұрған кезде иістің болмайтынын айтады. Сондықтан улы газдың, жағымсыз иістің байқалмауы да мүмкін деген пікірде.

«Ертең тексеру нәтижесі шығады. Сол кезде нақты айта аламыз. Бұл кісілер не рұқсат алуы керек, не болмаса жабылып, басқа жерге көшірілуі тиіс», – деді Қарасай ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Ернұр Құрабаев.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауадан алынған сынаманы сараптамаға жіберетінін айтты. Соның қорытындысына қарай, шара қолданылады.

Тегтер: Алматы облысыЕңбекшізауыттері

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz