Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы қауіпті өндірістік орындардың 13% ғана қайта жабдықталған

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің маманы Мөлдір Алибаева айтты.

13.02.2023
Аймақ

Қауіпсіздікке жауапты маманның мәліметінше, облыста 1000-нан астам өнеркәсіп орындары бар. Соңғы 5 жылда оның 13,5% ғана қайта жабдықталған.

«Ескірген, физикалық тозған жабдықты пайдаланудан біртіндеп шығару мақсатында қауіпті өндірістік объект қайта жарақтандарылуы тиіс. Біздің департаменттің талдаулары нәтижесінде Алматы облысында соңғы 5 жыл ішінде 246 нысанның ғана жабдықтары жаңартылғаны анықталды. Облыста 1000-нан астам өндіріс ошағы бар екенін ескерсек, бұл өте төмен көрсеткіш», — деді Мөлдір Алибаева.

Сондай-ақ маман ірі көлемде қаржы құюды талап ететін құрылғылар мүлдем ауыстырылмайтынын айтты.

«Кей кәсіпорындарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілмейді. Кәсіпкерлер қаржыға қарағанда қауіпсіздікке көңіл бөлу керек екенін елемейді де. Сараптама ұйымдары құрылғылардың жарамдылық мерзімін ұзартуға болатынын айтып, талдау нәтижесін ұсынғанда ғана жабдықтардың ары қарай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі», — деді маман.

Мөлдір Алибаеваның сөзінше, техникалық қауіпсіздік талаптардың сақталмауынан өткен жылы 3 оқыс оқиға орын алды.

«Облыстағы өндіріс орнының бірінде газ қысымының шамадан тыс артық болуынан құрылғы шыдамай оқиға орнында 1 адам қаза тапты және 5 адам зардап шекті. Жалпы талаптарды сақтамаған кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабына сәйкес жауапқа тартылады», — деді Мөлдір Алибаева.

Тегтер: Алматы облысыөндіріс

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Көшпенділер ойындарында топ жарған қонаевтық спортшыға 1 млн теңге берілді

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Қонаевта тұрғындар үй маңындағы бес метр аумақтың тазалығына жауапты

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz