Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11,3 пайызға өсті

Биылғы жылдың 11 айында Алматы облысындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 501,9 млрд теңгені құрады, деді Алматыдағы өңірлік инвестициялық форумында Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров.

14.12.2022
Аймақ

Биыл бірінші жартыжылдықта Алматы облысына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының көлемі 171,5 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (130,3 млн доллар) салыстырғанда 31,6% артық.

Ілияс Өсеров биыл шілдеде 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданғанын еске салды. Тұжырымдама жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға және жаңа трендтерді, соның ішінде ESG стандарттарын ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Үкімет алдына 2026 жылға қарай негізгі капиталға 34,6 трлн теңгеге дейін инвестициялар тарту жөнінде міндет қойылды.

Жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін 2022 жылы Алматы облысының негізгі капиталына 655,2 млрд теңге инвестиция тарту міндеті қойылды. 11 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысының жылдық жоспарды орындауы 76,6%.

Облыс аграрлық-индустриялық бағыттағы өңірлерге жатады. Негізгі бәсекелестік артықшылықтар: Қазақстанның гидроресурстары қорларының жартысының, электр энергиясының жаңартылатын көздерін өндіру үшін қажетті инфрақұрылымның, сондай-ақ туристік-рекреациялық әлеуеттің болуы болып табылады.

Сонымен қатар, Қонаевтағы жаңа облыс орталығының кеңеюі мен дамуын, сондай-ақ G4-city ақылды қаласын құруды ескере отырып, өңір негізгі капиталға үлкен көлемде инвестициялар тарту бойынша айтарлықтай әлеуетке ие, деп атап өтті Ұлттық экономика вице-министрі.

Осыған байланысты ол, өңірге инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру және жыл соңына дейін жоспарланған жобаларды пайдалануға беру бойынша проблемаларды шешу жөніндегі жұмысты күшейту қажет деді.

Айта өтейік, Алматыда 200-ден астам бизнес өкілдерінің басын қосқан Алматы облысының «Туған жерге тағзым» инвестициялық форумы өтіп жатыр. Форум аясында 800 млрд теңгеден астам сомаға 40-қа жуық меморандумға қол қою жоспарланды.

Тегтер: Алматы Форумы 2022

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz