Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы көпірлер тексеріледі

«ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы автомобиль көпірлері мен жол өтпелерін егжей-тегжейлі тексеруге кірісті.

15.04.2023
Аймақ

Жобаны институттың автожолдар мен көпір құрылыстарын диагностикалау бөлімі жүргізеді.

«Көпірлерді зерттеу — бұл көп уақытты қажет ететін әрі құрылымның физикалық және кернеулі-деформацияланған жағдайын зерттеу үшін қажет инженерлік-техникалық шаралар кешені. Зерттеу көпірдің нақты мөлшерін, жер төсемінің жай-күйін және құрылымдардың барлық элементін анықтау үшін қажет», — деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын диагностикалау бөлімінің басшысы Асхат Байбатыров.

Көпір құрылыстары туралы алынған деректер көпір құрылыстарын пайдалануды басқару жүйесі бойынша цифрлық бағдарламаға енгізілетін болады. Жиналған ақпаратты сарапшылар көпірлерді жобалау, салу және жөндеу кезінде ескеретін болады.

«Жиналған ақпарат көпір құрылыстарын пайдалануды басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне енгізіледі. Алынған мәліметтер негізінде одан әрі пайдалану режимі, барлық көпір құрылысын жөндеу, реконструкциялау немесе ауыстыру қажеттілігі туралы қорытынды беріледі», — деді Асхат Байбатыров.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2 мыңнан астам көпір құрылымдары бар. Сарапшылардың пікірінше, олар әр 5 жыл сайын, ал ескі нысандар – әр 3 жыл сайын диагностикадан өтуі керек. 60 жылдан астам жұмыс барысында «ҚазжолҒЗИ» АҚ мыңдаған нысандарды диагностикадан өткізді.

Тегтер: Алматы облысыкөпіртексеріс

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz