Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы ауылдарға мобильді медицина жабдықтары берілді

Алматы және Жетісу облыстарының жеті ауруханасына 18 мобильді ультрадыбыстық жүйе берілді.

11.10.2023
Аймақ

Мобильді құрылғы науқастарға емдеу мекемелерінен тыс жерде, яғни оқиға орнында немесе жедел жәрдем көлігінің ішінде зерттеу жасауға қолайлы. Заманауи құрылғылар «Philips Foundation» халықаралық коммерциялық емес ұйымы мен «Сәби» қорының қайырымдылық жобасы аясында алынған.

Талғар аудандық орталық ауруханасы үш күн бойы Алматы және Жетісу облысынан келген дәрігерлердің оқу орнына айналды. «Philips Foundation» халықаралық коммерциялық емес ұйымы мен «Сәби» қоры емдеу мекемелеріне мобильді ультрадыбыстық құрылғыны тапсырды.

«Мобильді ультрадыбыстық аппаратпен 3-5 минуттың ішінде науқасқа диагностика жасап, жағдайын біле аламыз. Осындай медициналық жабдықты қолдану диагностикамен бірге емдеуді де жеңілдетеді», — деді «Филипс Қазақстан» ЖШС денсаулық сақтау жобаларының жетекшісі Жанетдин Шутанов.

Акушер-гинекологтар, анестезиологтар, травматологтар, кардиологтармен басқа да дәрігерлер жүйені қызыға зерттеп, өз бағаларын берді.

«Ерекше аппараттың біз үшін пайдасы көп. Әсіресе көп жарақат алған кезде қажет. Қазір ультрадыбыстық зерттеу FAST-хаттамасы бойынша қалай жасалатынын көре аласыздар. Яғни көп жарақатпен ауруханаға түскен пациентті бірден қабылдау бөлімінде тексере аламыз», — деді дәрігер-хирург, хирургия бөлімінің жетекшісі Нұрлыбек Омаров.

«Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруда тәжірибесі мол Philips Foundation ұйымының енді біздің аймақта медициналық көмек сапасын жақсартуға атсалысып отырғанын жоғары бағалаймыз», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ақтаева.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Президент Казахстана посмертно присвоил звание «Халық қаһарманы» Кенжебаю Маденову

Николай Иващенко
06.05.2026

МЧС и Казселезащита проверили горы Алматы и Алматинской области

Николай Иващенко
06.05.2026

Нурлыбек Налибаев назначен первым заместителем премьер-министра

Николай Иващенко
06.05.2026

Первое золото Казахстана на домашнем Кубке мира

Николай Иващенко
06.05.2026

Крупные предприятия и бизнесмены Конаева усиливают работу по чистоте и благоустройству города

Николай Иващенко
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz