Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы алма бақ көлемі 100 гектарға ұлғаяды

Бұл туралы Жамбыл ауданында өткен пресс-тур барысында белгілі болды.

31.05.2023
Аймақ

Қасымбек ауылындағы «Айтқали Био Гарден» серіктестігі 2017 жылы 25 гектар жерге алма көшеттерін еккен. Араға 3 жыл салып 100 тонна өнім алған. Бұл бақта алманың луна, розелла, лорион, ретопаз, сириус түрлері өсіріледі. Оның бір түрі ғана маусым айында піседі. Піскен алма көтерме бағамен алып-сатарларға саудаланады.

«Үсік пен суықтан аман-есен шықтық. Былтыр 60 тонна өнім алдық. Биыл да сол межеден асып түспесек, кем түспейміз. Сіздер тұрған 25 гектар жерден басқа 5,5 гектар жерге апорт еккенбіз. Алдағы 2-3 жылда сол бақтан өнім аламыз. Жалпы бақтың аумағын 100 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді серіктестіктің агроном маманы Нұрдәулет Жиенбеков.

Агрономның айтуынша, бақтың басшылығы бірнеше рет мемлекеттік қолдауға жүгінген. Ол жағынан мәселе жоқ.

Айта кетейік, Жамбыл ауданында сыйымдылығы 1,5 мың тонна болатын 2 көкөніс қоймасы орналасқан. Бұдан бөлек, көлемі 8,6 гектар болатын 8 жылыжай бар. Биыл 9,8 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

 

1 of 5
- +
Тегтер: алма бақАлматы облысыЖамбыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz