Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы басталды

Алматы облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

29.09.2023
Аймақ

Байқаудың мақсаты – Жамбыл Жабаевтың шығармаларын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, шығармашылық талантын байқап, суырып салма қабілеттерін анықтау. Байқау тақырыптық және қайым айтыстан тұрады. Тақырыптық айтыста жас ақындар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, сондай-ақ елдегі жалпы жағдайды жырлауы керек.

Сондай-ақ ақындар бір-бірімен мазмұнды диалог жүргізе білуі қажет. Ал қайым айтыстың шарты бойынша бірінші бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп, немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолымен жауап қайтаруы тиіс.

Республикалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі бағыт бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бас жүлделерімен және I, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ қатысушыларға «Есенқұл Жақыпбековтің», «Есдәулет Қандековтің», «Әлімқұл Жамбыловтың», «Үмбетәлі Кәрібаевтың» арнайы жүлделі дипломдары беріледі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz