Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жылыту маусымы басталғалы 224 өрт оқиғасы тіркелді

Төтенше жағдайлардың көбі жылыту маусымы кезінде жеке тұрғын үйлерде орын алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
23.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: matritca.kz

Фото: matritca.kz

Спикердің сөзінше, электр жабдықтары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, тұрмыстық газды дұрыс тұтынбаудың нәтижесі оқыс оқиғаға әкеліп соғуда.

 

«Жылыту маусымы басталғаннан бері аймақта 224 өрт оқиғасы орын алды. Салдарынан жеті адам қаза тапты. Ал, 12-22 ақпан аралығанда 16 өрт оқиғасы тіркелген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Көміртегі тотығымен уланудан емдеу мекемелеріне 6 адам жүгінді. Сол себепті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтауға кеңес береміз», — деді Самат Кенжехан.

 

Департамент қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрттен сақтанудың жолдарын айтты. Мәселен, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды. Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдында сақтамауды ескертті. Пеш жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа жанғыш сұйықтықтарды қолануға болмайды.

Еске саламыз, өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Тегтер: Алматы облысыжылыту маусымыөрт

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz