Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жыл басынан бері 1314 адамды ит қапқан

Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбеков баспасөз мәслихатында мәлім етті.

06.06.2023
Аймақ

«Жыл басынан 1 314 адам қаңғыған иттен жарақат алған. Олардың 711-і 14 жасқа дейінгі балалар. 587 иттің иелері бар екені анықталды. Ит пен мысықты ұстау ережелерін бұзғаны үшін полиция инспекторлары 553 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 367 адамға жалпы сомасы 8,7 млн теңге айыппұл салынды», — деді басқарма басшысы.

Жалпы Алматы облысында биыл бюджеттен қараусыз қалған және қаңғыған жануарларды аулап, емдеуге 108,2 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігімен екіжақты ынтымақтастық меморандумға қол қойылып, шаһарға жақын жатқан аудандардағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасалып жатыр.

«Қаңғыған жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандырумен айналысатын мекеме тендер арқылы таңдалады. Биыл Райымбек ауданында «Optimus» жеке кәсіпкерлігі конкурсты жеңіп алды. Ал Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Іле, Кеген, Талғар, Ұйғыр және Қонаев ветеринарлық стансаларымен тікелей келісім шарт жасалды», — деді Нұртас Қиялбеков.

Басқарма басшысының айтуынша, әр аудан мен Қонаев қаласында ит пен мысықтарды уақытша ұстау үшін арнайы баспаналар салынады. Қазіргі таңда жер телімдері қарастырылған. Енді жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу қажет. Олардың қашан қолданысқа берілетіні әзірше белгісіз.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарбрифинг

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz