Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жобасы басталды

Алматы облысының прокуратурасы мен Полиция департаменті «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жобасын іске асыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

10.04.2023
Аймақ

Үш ай ішінде мобильдік топтармен 38 рейдке шығу жүзеге асырылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 249 бұзушылықтар анықталды.

Көктемнің келуімен бағдаршамдар, жол белгілері, жарықтандыру орнатылып, жол жабындары жөнделіп жатыр. Райымбек, Жамбыл, Ұйғыр аудандарында ірі қара мал шағылыстыратын ленталармен қамтамасыз етілді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша ҚазАвтоЖол-дың 3 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке, сондай-ақ ҚазАвтоЖол мен «Казахавтодор» ЖШС ӘҚБтК 631-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау).

Жоба шеңберінде прокуратура жол полициясымен бірлесіп 34 рейдтік іс-шараны жүзеге асырды, нәтижелері бойынша 1 290 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 34-і мас күйінде көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында балаларды бейімделмеген автокөлік құралдарымен, жүргізушілердің медициналық куәландыруысыз тасымалдау фактілері анықталды.

Жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 30-дан астам материалдар жарияланды, жолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақыратын баннерлер орнатылды.

Нәтижесінде, биылғы жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда облыс жолдарында ЖКО санының 33%-ға (2022 жылы — 347, 2023 жылы — 231), зардап шеккендердің 41%-ға (2022 жылы — 584, 2023 жылы — 340), жараланғандардың 46%-ға (2022 жылы — 519, 2023 жылы — 276), қаза тапқандардың 32% (2022жылы — 65, 2023жылы — 44) төмендеуі байқалады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыжобажолқауіпсіздік

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz