Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жайдарман» ойынының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін жаңа әкімшілік орталықта жайдарманшылар тұңғыш рет облыс әкімінің кубогын сарапқа салды.

08.08.2023
Аймақ

Сайысқа Алматы қаласының «Қыздар-ай», «Краш», «Энерест», «Атузяки» және Алматы облысының «СДУ», Жетісу облысының «Жарлыөзек», Түркістан облысының «Созақбай», Өскемен қаласының «ГОЛД», Павлодар қаласының «Чехов аялдамасы» командасы қатысты. 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің бас сарапшысы Айдана Арсалан, жоғары лиганың чемпионы, жайдарманшы Нұрғали Мағжан, актер, жоғары лига чемпионы Жақсыген Нұрсұлтан, облыстық жайдарман филиалынның директоры Ердос Оралбеков, Қоғамдық келісім және даму орталығының башысы Ерасыл Толымбеков әділқазылар алқасының құрамында болды. 

Облыс орталығының бас алаңында орнатылған еңселі сахнада өз өнерлерін ортаға салған командалар татулықты ту еткен халқымыздың бірлігін, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен этносаралық келісімді насихаттаған әдемі әзілдерімен көрерменді тәнті етті. Көпшілікке күлкі сыйлай отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге тырысты. 

Қызықты да көңілді өткен сайыс қорытындысында Түркістан облысының «Созақбай» командасы 1-орынды орынды жеңіп алып, облыс әкімінің кубогын иеленді. 2-орынды Павлодар қаласынан келген «Чехов аялдамасы» командасы олжалады. Алматы қаласының «Атузяки» командасы үздік үштікті түйіндеді. 

Сайысты қорытындылаған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Ахметов жайдарманшылар сайысына жас командалар қатысқанын, олардың әзілдерінде этносаралық татулықты, мемлекеттік тіл мәртебесі тұрғысындағы ұтқыр ойларын әзілмен өте сауатты үйлестіре білгенін баса айтты. Данияр Дүйсенбіұлы 1-орынға 500 000, 2-орынға 300 000, 3-орынға 150 000 теңгенің сертификаттарын және ойын көрігін қыздырған командалар мен үздік жайдарманшыларға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Тегтер: Алматы облысыжайдарман

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz