Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

 Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесі өтеді

2025 жылдың мамыр айында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесін жоспарланып отыр деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.04.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
фото: Мейірбек Тажқұранов

фото: Мейірбек Тажқұранов

Марафон-бәйге 500 шақырым қашықтықты қамтиды.Оған 15-ке жуық мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр ( Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және т.б ).

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, марафонның ұзақтығы
5 күнді ал жалпы қашықтығы 500 км-ді қамтиды.

Мына бағыттар бойынша өтеді:

— жарыстың ашылу салтанатымен сөресі Алматы — Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен бастау алады.

— Балқаш ауданы: Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдарын кесіп өтеді.

— Жамбыл ауданы: Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдарын қамтиды.

— Іле ауданы: Ақши ауылдарын басып өтіп мәре Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданынан аяқталады. Жорықтың жабылу салтанатымен марапаттау рәсімі  Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.

Марафонға қатысты маңызды шаралардың бірі — асыл тұқымды жылқылар көрмесі. Көрмеде ұлттық жылқы тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен тарихы таныстырылады. Жылқылардың сәні мен күшін көрсететін бұл көрме қатысушылар мен қонақтар үшін үлкен қызығушылық туғызады.

Ұлттық қолөнер көрмесі де осы марафон аясында өтеді. Бұл көрмеде қазақ халқының бай қолөнер мұраларын көрсету көзделген. Қолөнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынып, көрмеге келгендерге қазақтың ұлттық өнерін таныстырады.

Сонымен қатар, Туристтерге арналған арнайы қалашық фотозоналар ұйымдастырылады. Шетелден келген қонақтарға еліміздің, мәдениеті мен салт дәстүрі жайлы қызықты әрі көрнекті ақпарат ұсыну үшін және өңіріміздің туризм саласын дамыту үшін осындай халықаралық шаралар кезінде туристтік қалашықтармен, фотокөрмелердің маңызы ерекше.

Тегтер: асыл тұқымды жылқыларБасты жаңалықтармарафон-бәйгеұлттық спортҰлы дала жорығыҰлы дала жорығы 2025

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында ірі өндіріс орындары салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz