Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ұлттық ат спорт түрлерінен чемпионат өтіп жатыр

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ұлттық спорт түрлерінен чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

10.03.2023
Аймақ

Чемпионат 12 наурызға дейін жалғасады. Облыстық додада спортшылар жамбы ату, теңге ілу, көкпар, дәстүрлі садақ ату, құмай тазыны шырғыға тарту бойынша өзара бақ сынасады. Садақ ату сайысына облыс спортшыларынан бөлек, еліміздің бес аймағынан мергендер келді. Жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысады.

«Біріншілік ұлттық спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Доданың өтуіне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тікелей қолдау көрсетті. Жарыстың жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз», — деді ашылу салтанатында спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.

Жарыстың өту хронологиясы мынадай:

  • 10 наурыз — жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, теңге ілу іріктеу кезеңі және финалы, көкпар іріктеу кезеңі, құмай тазыны шырғыға тарту финал.
  • 11 наурыз — көкпар ширек финал, жартылай финал ойындары.
  • 12 наурыз — көкпар үшінші орын үшін ойын, финал.

Көкпарда үздік 1-орынды иеленген командаларға 1 000 000 теңге ақшалай жүлде қарастырылған, 2-орын – 500 000 теңге, 3-орын – 300 000 теңге. Бұл ойын түрінен бөлек, бақ сынасқандарға 50,30,20 мың теңге сыйақы табысталады.

Ұлттық спорттың ұлықталып жатқанына тұрғындар да дән риза.

«Шонжы шаңдауытты жер болса да, облыстық чемпионаттың дәл осы жерде өтіп жатқанына ризамыз. Бізден кейінгі өскелең ұрпаққа бұл шара үлгі боларлық іс», — деді тұрғын Нақышбеков Рысдәулет.

Тегтер: Алматы облысыат спортыБасты жаңалықтарҰйғыр ауданычемпионат

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Табиғатқа жанашырлық – ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
31.07.2026

Заңға құрмет – елге құрмет

Диана Ахметова
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz