Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

Бүгін Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханада 22 ақпан күні дүниеге келген үшемдер үйіне шықты.

16.03.2023
Аймақ

Аталған перзентханада екі ұл бір қызды өмірге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көпбалалы ана атанды. Ақмарал үшемдерден өзге үш баланың анасы.

Балалардың үлкені 8 жаста. Үшемдердің үлкені Қаракөз 2460 гр, Садық 2100 гр, Сыдық 1820 гр салмақпен туған. Қарасай ауданаралық көпсалалы аурухана директорының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Индира Қабаева әйел жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.

«Үшемдерді анасы жүктіліктің 36 аптасында босанды. Жалпы үшемдерді бірден босану ана мен бала денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Қазір үшемдердің де, анасының да жағдайы бірқалыпты», — деді Индира Қабаева.

Көпбалалы ана атанған Ақмарал Айдар дәрігерлерге алғысын білдірді.

«Аурухананың барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында үшемдерді аман-есен босандым. Біз үшін үшемдердің өмірге келуі үлкен қуаныш», — деді Ақмарал Айдар.

Сонымен қатар аталған аурухана директорының орынбасары Индира Қабаева үшемдерге қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

«Қарасай ауданында 2023 жылы өмірге келген алғашқы үшемдердің күтіміне тұрғылықты жерінде орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды, сондай-ақ балаларға арналған тамақпен қамтамасыз ететін боламыз», — деді ол.

Айта кетейік, Қарасай ауданында 2022 жылы 2 үшем дүниеге келген болатын.

Тегтер: Алматы облысыҚарасай ауданыүшем

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz