Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер пациенттерді қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
18.10.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Түркиядағы Medicana Health Group клиникасының профессорлары Облыстық балалар клиникалық ауруханасында және Алматы аймақтық көпсалалы клиникада балалар ортопедиясы мен онкология бойынша консультация өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы
бұл іс-шара келешек ынтымақтастықтың алғашқы қадамы екенін айтты.

“Түркиядан келген дәрігерлер екі күн бойы облыс тұрғындарына қабылдау жүргізіп, кеңестерін берді. Болашақта аталған клиникамен тығыз жұмыс жасап, тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз”, — деді басқарма басшысы.

Medicana Health Group дәрігерлері екі күнде 67 ортопедиялық және 24 онкологиялық консультация өткізді. Сондай-ақ қазан айының басында Пусан ұлттық университеті госпиталінің ортопед профессоры Ли Джон СОП Облыстық балалар клиникалық ауруханасына арнайы келіп, травматология бөлімінде жатқан науқастарды қарап, кеңес өткізген болатын.

Сонымен қатар облыс дәрігерлеріне арналған семинар-тренингте Түркиялық дәрігерлер өздерінің қорытынды пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.

Айта кетсек, Алматы облысында 2023 жылы 48 дәрігер (травмотолог, кардиохирург, акушер-гинеколог, оториноларинголог, рентгенолог, невропотолог, онколог, эпидемиолог, патоморфолог, офтальмолог) Турция, БАӘ, Индия, Бельгия, Россия, Грузия, Израиль, Өзбекстан, Татарстан, Германия, Италия, Испания, Польша, Қытай, Жапония және Португалия елдеріне барып, тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырып қайтты.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz