Төтенше жағдай салдарынан жеке тұрғын үй аумағындағы навес пен жеңіл автокөлікке зақым келген. Алайда тұрғын үйлер мен тірек конструкцияларына залал келмегені нақтыланды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық департамент басшылығы мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аумақты жарықтандыру мақсатында арнайы жарық мұнарасы орнатылған.
Сонымен қатар жақын маңдағы тұрғындармен қауіпсіздік шараларын сақтау және осындай табиғи құбылыстар қайталанған жағдайда әрекет ету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





