Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 800 мыңға жуық адам қатысты

Алматы облысында жыл басынан бері өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2025
Аймақ

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, акцияға 800 мыңға жуық тұрғын және 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысқан. Тазалық шараларына барлығы 4 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 11 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.

Сонымен қатар, өңір бойынша 109,8 мың ағаш егілді. Тазарту жұмыстары 3 048 көпқабатты үйдің ауласында, 55 саябақ пен скверде, 1 090 тарихи-мәдени ескерткіште және 1 055 әлеуметтік нысанда жүргізілді.

Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының көгалдандыру және абаттандыру бөлімінің басшысы Бекзат Кәрімов акцияның нәтижелері туралы былай деді:

«“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. Онлайн-платформа арқылы да жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Telegram-ботқа 1123 өтініш келіп түсті, оның 880-і орындалды, 233-і кері қайтарылды, ал 10-ы орындалу үстінде. Бүгін осы жылғы соңғы сенбілікті өткіздік. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмысты келесі жылы жалғастырамыз», – деді ол.

Акцияға қатысушылардың бірі Ермек Ибрагимов та экологиялық бастаманың маңызын атап өтті:

«Бүгін әріптестерімізбен бірге сенбілікке қатыстық. Мұндай шаралардан қалыс қалып көрген емеспіз. Еліміздің таза болуына әрбір азамат өз үлесін қосуы қажет», – дейді ол.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы өңірлерде жыл бойы жалғасып келеді. Келесі жылы да абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кең көлемде жалғастырылмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz