Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тау-кен металлургиясын дамытудың бағдарламасы әзірленіп жатыр

Бұл туралы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездескен өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты.

20.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

«Облыста алғаш рет алтын, күміс, вольфрам, көмір және басқа да қазбалар кен орындары бойынша қолда бар қорын ескере отырып, тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленіп жатыр», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған бағдарламаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын құра отырып, облыстың минералдық-шикізат кешеніне қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

«Бағдарлама аясында жоғары технологиялық тау-кен және металлургиялық өндірістер салынып, жаңа кен орындарын іздеу, барлау және игеру жұмыстары атқарылады», — деді әкім.

Сонымен қатар өңір басшысы былтыр желтоқсан айында қабылданған «Облыстың 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын» басшылыққа ала отырып, қазіргі қарқынды сақтап қалу үшін барлық шаралар қолға алынатынын баса айтты.

«Бұл стратегия алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басым бағыттарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Және осы құжат аясында әр ауданның жеке әрі кезең-кезеңімен дамуына басымдық беріледі», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыбағдарламаБасты жаңалықтарҚонаевМарат Сұлтанғазиевтау-кен металлургия

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz