Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді

Алматы облысы халықаралық деңгейдегі ірі тележобаның түсірілім алаңына айналды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Оңтүстік Кореядағы ең жоғары рейтингке ие жобалардың бірі — Менің кішкентай бойдақ жігітім телешоуының жаңа шығарылымы Алматы өңірінде түсірілді.

Миллиондаған көрермені бар бағдарлама SBS телеарнасында апта сайын эфирге шығады. Түсірілімге танымал корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты.

Бағдарлама Алматы қаласы мен Алматы облысының негізгі туристік нысандарында түсірілді. Атап айтқанда, түсірілім жұмыстары Көлсай көлдерінде, сондай-ақ Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Көк базар және өзге де көрнекті орындарда жүргізілген.

Алматы өңіріне арналған арнайы шығарылым 2026 жылдың ақпан айының басында SBS телеарнасынан эфирге шығады деп жоспарланып отыр.

Жоба режиссер-операторы Алматы өңірінің табиғаты өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.

«Мені бұл өңірдің Кореяда кездеспейтін кең тынысты әрі тосын табиғи көріністері қатты қызықтырды. Алматы Кореядан алыс болмаса да, мұндағы табиғат мүлде бөлек әсер қалдырады. Бұл — ауасы таза, қала өмірі мен табиғат бір-бірімен табиғи үйлесім тапқан ерекше өңір. Кореямен салыстырғанда, мұндағы табиғат әлдеқайда ауқымды әрі табиғи қалпы жақсы сақталғандай әсер береді»,  — деді ол.

Түсірілім барысында жобаны ұйымдастыру және логистикалық қолдауды Almaty Tourism Bureau командасы қамтамасыз етті. Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба Алматы облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға және шетелдік аудиторияның өңірге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Алматы облысы халықаралық кино және тележобалар үшін тартымды алаңға айналып, өңірдің туристік имиджін нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz