Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында шаруа қожалығы аумағына есірткі еккен азамат 7 жылға сотталды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты шаруа қожалығының аумағына есірткі өсімдіктерін заңсыз еккен азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Ресми мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында шаруашылық аумағынан жалпы салмағы 49 келіден асатын каннабис тәркіленген.

Соттың анықтауынша, сотталған азамат 2025 жылдың көктемінде Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы шаруа қожалығында каннабис тектес өсімдіктерді заңсыз еккен. Тергеу барысында құрамында есірткі заттары бар 233 түп өсімдік табылып, тәркіленген. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктер аса ірі мөлшерге жататын каннабис екені анықталған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

«Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, сотталушының жеке басы және жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріле отырып, оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz