Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында референдум қарсаңында сайлаушылар тізімін тексеру басталды

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Дауыс беру күні әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты пікірін білдіре алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында референдумға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Жауапты органдардың мәліметінше, дауыс беру процесін жеңілдету үшін тұрғындарға өздерін сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеру ұсынылады. Бұл — дауыс беру күні туындауы мүмкін түсініспеушіліктердің алдын алып, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сайлаушылар тізімін тексерудің бірнеше жолы бар

Сайт арқылы
Алматы облысының тұрғындары арнайы онлайн-платформа арқылы өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты біле алады:
— https://sailau.almobl.kz сайтына кіру;
— ЖСН енгізу;
— «Тексеру» батырмасын басу;
— Сайлау учаскесі туралы мәліметпен танысу.

Telegram-бот арқылы
Сонымен қатар ақпаратты Telegram мессенджеріндегі бот арқылы да алуға болады:
— https://t.me/sailau_almobl_bot сілтемесіне өту;
— «Бастау» батырмасын басу;
— ЖСН енгізу;
— Сайлаушылар тізіміндегі мәртебе мен учаске туралы ақпаратты көру.

Call-орталық арқылы
Азаматтар 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да қажетті мәлімет ала алады. Қоңырау шалу тегін, мамандар барлық сұрақтарға жауап береді.

Мамандардың айтуынша, сайлаушылар тізімін алдын ала тексеру бар болғаны бірнеше минут уақыт алады және референдум күні дауыс беру үдерісін барынша жеңілдетеді. Алматы облысының тұрғындарына белсенділік танытып, өз құқықтарын жүзеге асыру ұсынылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz