Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында прокуратураның тексеруінен кейін газ арзандады

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбекші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі төмендетілді.

17.03.2023
Аймақ

«Жыл басынан бері жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылық білдірген. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізді, нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны анықталды. Оған Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2021 жылдың 12 қарашасында жол берген», — деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Қадағалау органы департамент басшының тауарлық газды өткізу тарифін табиғи газдың 1 текше метріне 37,5 теңге және тарифті ұлғайту дерегі бойынша баға сараптамасын жүргізу бұйрығының күшін жою туралы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде департаменттің 10 наурыздағы №78-НҚ бұйрығымен «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тарифі бекітілді.

«Осы жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) ескере отырып тариф бағасы бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқығын қорғап, қалпына келтірді. «Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымы 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды», — деп атап өтті ведомстводан.

Тегтер: Алматы облысыгаз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz