Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында оқушыларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен йогурт берілген

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жандосов атындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі асқа жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берген.

03.10.2023
Аймақ

Әлеуметтік желіде балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, жарамдылық мерзімі 2021 жылы өтіп кеткен «Растишка» йогурты берілді деген ақпарат пайда болды.

«Мен қатты шошып кеттім, бүгін балам мектепте жарамдылығы өткен йогурт жеген. Қалғанын үйге әкелді. Балаларға мерзімі өтіп кеткен тамақты қалай беруге болады, бала уланса, кім жауап береді? Бұл өнімді кім сатып алды? Жарамсыз тамақ бергенше, мүлдем тамақтандырмаған дұрыс», – деп жазды ашуланған ата-аналар.

Қарасай ауданының білім бөліміндегілер де оқушыларға мерзімі өткен өнімді беру фактісін растады.

«Ақпаратты растау үшін шұғыл жұмыс тобы құрылып, орта мектептің асханасын тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша тамақтану сапасына мониторинг актісі жасалды. Тәртіптік жаза жарияланды, кәсіпкерге хабарлама жіберілді, асхана бақылауға алынды», — деді ведомстводан.

Іске полиция да араласты. Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтың айтуынша, ҚР ҚК 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тегтер: Алматы облысыҚарасай ауданымектептамақ

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz