Ернат Елүбайұлы 1983 жылы туған, жоғары білімді. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған оқу орнын «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар 2006 жылы «Тұран» университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы қызметінен бастаған. Әр жылдары Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы – бас бақылаушы-тексерушісі, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы және басшының орынбасары, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі қызметтерін атқарған.
Бұған дейін Алматы облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы және аппарат басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.





