Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері марапатталды

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кепілі саналатын аталмыш сала мамандарының мереке күні мерейі артты.

15.08.2023
Аймақ

Қонаев қаласында өткен салтанатты шарада ҚР мемлекеттік кірістер жүйесінің жетілуіне үлес қосқан қызметкерлерді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев арнайы құттықтады.

«ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 9 жыл толды. Жалпы, мемлекеттік кірістер органдарының қызметі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, мемлекеттік бюджетке салық және кеден төлемдерінің тиімді түсуі — мемлекеттік кіріс қызметі қызметкерлерінің қажырлы еңбегі», — деді әкім орынбасары.

Айта кетейік, биыл Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бюджетке 502,9 млдр. теңге салықтар мен төлемдерді түсірген. Департамент басшысының айтуынша, жаңадан құрылған облыс үшін бұл жақсы көрсеткіш.

«Былтыр Мемлекет басшысының жарлығынан кейін Алматы облысы бойынша департамент Қонаев қаласына келіп орналасты. Содан бері көптеген өзгерістер және қарқынды жұмыстар жүргізілді. Қазіргі кезде департаментте 196 адам еңбек етеді. Өткен жылы 92 қызметкермен ауысып келген едік. Ауыртпашылықтың бәрі ұжымға түсті. Осы тұста өзімнің ұжымыма алғыс айтамын. Барша әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймын», — деді Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Құлмұханбет Исақов.

Мерекелік шарада, қарым-қабілетімен көзге түскен қызметкерлерге «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісі, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаты табысталып, жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz