1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін бұл игі бастама жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Биыл «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 60 948 балаға көмек көрсету үшін 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Әрбір оқушыға 46 228 теңге мөлшерінде көмек қарастырылған. Бұл сома соңғы үш жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Барлық төлемдер 20 тамызға дейін ата-аналардың шоттарына аударылады.
Мемлекеттік қолдаудан бөлек, акция аясында жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, киім-кешек пен оқу құралдары үлестірілуде.
Салыстырмалы түрде алғанда,
2023 жылы – 56 974 балаға 2,4 млрд теңге көмек көрсетілсе,
2024 жылы – бюджеттен тыс қаражат есебінен 20 250 бала қолдауға ие болған.
2025 жылы – 60 948 балаға көмек беріліп отыр.
«Мектепке жол» – бұл тек материалдық көмек емес, сонымен қатар әрбір баланың білім алуға құқығын қамтамасыз ететін, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама.





