Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мектеп ғимаратындағы ақаулар бойынша тексеру жүргізілді

Алматы облысындағы мектептердің бірінде төбеден су ағуы және жертөледе ылғалдың жиналуы сияқты кемшіліктер анықталды. Бұл туралы alataunews.kz хабарлады.

Қорлан Нұрланқызы
28.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысы әкімдігі ресми түсініктеме беріп, анықталған ақаулар жақын күндері толық жойылатынын мәлімдеді.

Облыстық білім басқармасына мектеп ғимаратындағы төбеден су ағуы туралы тұрғындардан өтініш келіп түскен. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар дереу нысанға барып, жағдайды көзбен көріп тексеріп, құқықтық баға берген.

«Алматы облысының білім басқармасына мектеп ғимаратында төбеден су ағуы туралы өтініш келіп түсті. Осы өтінішке байланысты жауапты органдар шұғыл түрде нысанға барып, визуалды тексеру жүргізді», — делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, анықталған олқылықтар сол күні-ақ мердігер ұйымға ресми түрде жеткізілген. Жөндеу жұмыстарын жүргізген компания барлық кемшілікті белгіленген мерзімде жоюға міндеттеме алған.

«Тексерушілер анықтаған ақауларды мердігер ұйым «Arsh Stroy» ЖШС 1 ақпанға дейін толықтай жояды», — деді әкімдік өкілдері.

Қазіргі уақытта мектеп ғимаратында облыс әкімдігі өкілдері, мәслихат депутаттары және «Amanat» партиясының төрағасы жүр. Жағдай жауапты мемлекеттік құрылымдардың тұрақты бақылауында.

Сонымен қатар, мектептің жертөле бөлмесінде судың жиналғаны тіркелген. Қазіргі кезде су сорылып, бөлмелер кептіріліп жатыр. Ылғалдың пайда болу себептері анықталып жатыр.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, дренаж жұмыстары бұған дейін басталғанымен, толық аяқталмаған. Бұл жұмыстарды ауа райы қолайлы болған жағдайда жалғастырып, толық аяқтау жоспарланған.

Әкімдіктің дерегіне сәйкес, №20 мектеп 2013 жылы пайдалануға берілген. Нысан 900 оқушыға арналғанымен, бүгінде онда шамамен 1 800 бала білім алып жатыр. Сабақ екі ауысымда өтеді.

Мектеп 2024 жылғы 21 мамырда күрделі жөндеуге жабылып, 2025 жылғы 1 қыркүйекте қайта жұмысын бастаған. Жөндеу жұмыстарының тапсырыс берушісі — Іле ауданының әкімдігі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz